Дербес деректерді өңдеуге келісім

Осымен, мен «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Компания) менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін. Осы келісімді ұсына отырып, мен өз еркіммен және өз мүдделерімде әрекет ететінімді растаймын.

Жоғарыда көрсетілген келісімді мен Компания қызметтерін алумен байланысты, сондай - ақ заңды салдарларды туғызатын шешімдер қабылдау немесе өзге де әрекеттер жасау мақсатында беремін және ол келесі ақпаратқа қолданылады: ұйымның атауы, ұйымның БСН, байланысушы тұлғаның аты-жөні, лауазымы, байланыс телефондарының нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы және өзге де ақпарат (бұдан әрі – «дербес деректер»).

Осы келісім Компанияның жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті дербес деректерді өңдеу жөніндегі кез келген іс-әрекеттерді автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып, сондай-ақ шектеусіз жинауды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), үшінші тұлғалардан алуды, пайдалануды, таратуды (оның ішінде беруді), иесіздендіруді, бұғаттауды, жоюды қоса алғанда, жүзеге асыруына, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы ескере отырып, менің дербес деректеріммен кез келген өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруына беріледі.

Осымен мен жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін дербес деректерді үшінші тұлғаға беру қажет болған жағдайда, сол сияқты көрсетілген мақсаттарда қызметтер көрсетуге үшінші тұлғаларды тартқан кезде, Компанияның өзіне тиесілі функциялар мен өкілеттіктерді өзге тұлғаға беруі кезінде Компания қажетті көлемде менің дербес деректерім туралы ақпаратты осындай үшінші тұлғаларға, олардың агенттеріне және олар уәкілеттік берген өзге де тұлғаларға ашуға, сондай-ақ осындай тұлғаларға осындай ақпаратты қамтитын тиісті құжаттарды беруге құқылы екенін мойындаймын және растаймын.

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ дербес деректерді өңдеу кезінде оларды өңдеу тәсілдерін қолдануда шек қойылмайды.

Мен www.material.kz веб-сайтында коммерциялық ұсыныс берсем, онда сипатталған шарттармен жазбаша келісетінімді түсінемін.

Мен, коммерциялық ұсыныс беруді жүзеге асыру мақсатында не өзге мақсаттарда www.material.kz сайттағы нысанға өз деректерімді енгізе отырып және/немесе тіркей отырып, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-дан (мекенжайы: Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел к-сі, 55А) жарнамалық және/немесе ақпараттық сипаттағы материалдарды таратуды алуға өз келісімімді беремін.

Осындай келісім бере отырып, мен өз еркіммен және өз мүддем бойынша әрекет ететінімді растаймын, сондай-ақ тіркеу және/немесе сатып алуды немесе өзге де қажетті іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті дұрыс деректерді ұсынуға міндеттенемін.

Пайдаланушы келісімі және пайдалану шарттары

Негізгі ұғымдар

  • «Маркетплейс» - «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасының объектілері бойынша құрылыс материалдарына қажеттілік витринасы
  • «Пайдаланушы» - material.kz сайтының пайдаланушысы
  • «Сайт» - material.kz сайты
  • «Сатушы» - құрылыс материалдарын өндірушілер/жеткізушілер
  • «Сатып алушы» - құрылыс компаниялары
  • «Тауар» - material.kz сайтында жарияланған құрылыс материалдары
  • «Шарттар» - «Пайдаланушы келісімі және пайдалану шарттарында» көрсетілген осы шарттар.

1. Жалпы ереже

  • 1.1. Шарттар material.kz. сайты арқылы коммерциялық ұсынысты (бұдан әрі – «Қызмет») беру/алу кезінде Пайдаланушы мен Маркетплейс арасында туындайтын қатынастарды реттейді. Пайдаланушы келісім шарттарымен келіскен жағдайда, Маркетплейс құрылыс материалдарын өндірушілер/жеткізушілер (бұдан әрі – Сатушы) мен құрылыс компаниялары (бұдан әрі – Сатып алушы) арасында ақпарат беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
  • 1.2. Сатып алушы жергілікті атқарушы органдардың порталы арқылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында material.kz. сайтында құрылыс материалдарына өз қажеттіліктерін орналастырады. Коммерциялық ұсыныс беруге байланысты барлық өзара қарым-қатынастар тікелей тауарды сатушы мен Сатып алушы арасында туындайды және Сатушы Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес толық, дұрыс және өзекті деректерді (мәліметтерді, ақпаратты) ұсынуға жауапты болады.
  • 1.3. Маркетплейс сатушы болып табылмайды және коммерциялық ұсыныс берілгенге дейін және одан кейін Сатушы мен Сатып алушы арасында пайда болған өзара қатынастар үшін жауап бермейді.
  • 1.4. Маркетплейс Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасына сәйкес сатушының уәкілетті тұлғасы болып табылмайды.
  • 1.5. Сайтта алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін құрылыс материалдарының индикативтік бағалары/ тауарлар мен қызметтердің атауы мен сипаттамалары көрсетіледі.
  • 1.6. Маркетплейс қызметін көрсетудің міндетті шарты Пайдаланушының осы Пайдаланушы келісімде, material.kz сайтында орналастырылған Дербес деректерді өңдеу келісімінде бекітілген талаптармен толық келісуі және оларды сақтауы болып табылады
  • 1.7. Маркетплейс алдын ала ескертусіз шарттарға өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады, осыған байланысты Пайдаланушы шарттардың өзгерістерін үнемі қадағалап отыруға міндеттенеді. Өзгерістер сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

2. Жауапкершілік

  • 2.1. Өз міндеттемелерін орындамаған/тиісінше орындамаған жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
  • 2.2. Тараптар өз міндеттемелерін орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау еңсерілмес күш мән-жайлары әрекетінің салдары және Тараптар ақылға қонымды шаралармен болжай алмаған және алдын ала алмаған төтенше сипаттағы оқиғалар нәтижесінде болса, жауапкершіліктен босатылады.
  • 2.3. Маркетплейс сайтта қателер болмайтынына, сондай-ақ сайттағы ақпараттың дәл, дұрыс және толық екендігіне кепілдік бермейді.
  • 2.3 тармақ сайтта қол жетімді барлық тауарларға қатысты. Маркетплейс ешқандай жағдайда сайттан немесе қызметтен алынған ақпаратты қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, сайтты пайдалану немесе пайдалану мүмкін еместігі нәтижесінде және қателерге, деректердің жоғалуына, вирустарға, қызмет көрсетудегі кідірістерге немесе сайт жұмысындағы басқа да ақауларға әкеп соқтыруы мүмкін қызметті алу нәтижесінде туындаған қандай да бір тікелей немесе жанама залалдар үшін жауапты болмайды.

3. Құпиялылық және жеке ақпаратты қорғау

3.1. Пайдаланушы дербес деректері Қазақстан Республикасының Дербес деректер туралы заңнамасына сәйкес өңделеді.

4. Басқа шарттар

  • 4.1. Егер Пайдаланушыда сұрақтар немесе наразылықтар туындаса, ол +7 727 344-12-22 телефоны арқылы жүгіне алады немесе material@khc.kz поштасына хат жолдай алады.
  • 4.2. Пайдаланушы шарттар оған түсінікті екендігіне кепілдік береді және оларды сөзсіз және толық көлемде қабылдайды.
  • 4.3. Тараптар туындаған барлық дауларды келіссөздер жолымен шешуге тырысады, келісімге қол жеткізілмеген жағдайда даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сотта қаралуға жатады.
  • 4.4. Осы шарттарда көзделмеген барлық өзге жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
  • 4.5. Осы шарттардың қандай да бір ережесінің жарамсыздығы қалған ережелердің жарамсыздығына әкеп соқпайды.
Дүкен Өндірушілер